Ел жаңалықтарына шолу
Елде мұнай өңдеу қуаты жылына 40 млн тоннаға дейін артады. Қазақстан авиация саласында жаһандық деңгейге көтерілді. Күннің өзге де маңызды жаңалықтары алдағы топтамада.
Мұнай өңдеу қуаты жылына 40 млн тоннаға дейін артады
Елде мұнай өңдеу қуаты жылына 40 млн тоннаға дейін артады. Былтыр қара алтынды өңдеу көлемі 18 млн тоннадан асты. Ал мұнай өнімдерін өндіру 15,47 млн тоннаға жетті. Жуырда Үкімет 2025-2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасын бекітті. Құжатқа сәйкес, жұмыс істеп тұрған зауыттардың қуаты жылына 18 млн-нан 29 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұдан бөлек қуаты 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын салу көзделген.
Астанада Авиация саласының үздіктері жиналады
Қазақстанда алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен авиация саласының үздіктері жиналады. Астанада халықаралық азаматтық авиация ұйымының апталығы өтпек. Бүгінде біздің елде ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі 96 пайызға жуықтады. Бұл Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш. Халықаралық форумды өткізетін ел ретінде Қазақстанның таңдалғаны да содан.
Димаш жайлы жазылған 60 кітап елшілікке табысталды
Мексикадағы Dears қауымдастығына Димаш туралы 60 кітап табысталды. «Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» атты туындылар жанкүйерлерге сол елдегі Қазақстан елшілігінде табысталды. Бұл іс-шара Димаштың Мексикада өтетін концерттерінің қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Шоуды Латын Америкасының өзге де елдерінен жанкүйерлер арнайы келіп тамашаламақ
Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. 18 бен 27 жас аралығындағы 23 мыңға жуық азамат отан алдындағы борышын өтейді. Олардың 12 мыңнан астамы – Қарулы күштер, 7 мыңы Ұлттық ұлан қатарын толқытырады. Еске салсақ, енді әскери қызметшілер әскери-есептік мамандықпен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық жұмысшы кәсібін тегін меңгере алады. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және тағы басқалары бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы