Басты Жаңалықтар Қытай мен Ресей бақылауындағы мұнай кеніштері АҚШ-тың қарамағына өтпек

Қытай мен Ресей бақылауындағы мұнай кеніштері АҚШ-тың қарамағына өтпек

Венесуэлада бұрын Қытай мен Ресейдің бақылауында болған мұнай кеніштері АҚШ-тың қарамағына өтіп жатыр. Мұны бүгін «Рейтер» агентігі хабарлады. Оның дерегінше, «Солтүстік Америка Көгілдір Отын Серіктестігі» бұл мемлекетте жалпы алғанда 14 жаңа контракт жасасқан.  Солардың қатарына қытайлықтар басқаратын бес кеніш пен ресейлік компания игеріп жатқан бір кен орны туралы келісім бар. 

Кейбір сарапшылардың ойынша, бұндай мәмілелер келешекте АҚШ-қа Венесуэланың мұнай өндірісінде шешуші рөл ойнауға және осы елдің энергетикалық шикізат нарығынан бәсекелестерін ығыстыруға жол ашуы мүмкін. Сонымен қатар, Вашингтон Венесуэланың мұнай өнеркәсібі мен орасан шикізат қорын АҚШ-тың экономикалық және геосаяси мүдделеріне пайдаланудан үмітті.

Айта кетсек, өткен аптада президент Дональд Трамп Құрама Штаттардың Венесуэлада 64 миллиард баррель мұнайға қол жеткізгенін жариялады.

Бөлісу