Көкпар мен көкбөрідегі қарсыластар белгілі болды
6 құрлық көз тіккен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан ақпарат. Бүгін көкпар мен көкбөрі додаларының жеребесі тартылып ел құрамасының қарсыластары анықталды.
Жеребе нәтижесіне сәйкес көкпарда жерлестерімізге өз тобында Ресей Федерациясы мен Мажарстан құрамасы қарсы тұрса, көкбөріде Тәжікстан және тағы да мадиярлар елінің өкілдерімен ұпайға таласамыз. Қырғыз көкпаршылары болса, қарсы топта бақ сынайды.
Бүгін 15 спортшымыз жарыс жолына шықты
Жалпы, бүгін 15 отандасымыз жарыс жолына шықты. Бозкілем додасында, өкінішке қарай, қоржынға жүлде түспеді. Кураш, гореш және моңғол күресінде бақ сынаған Нұрдәулет Жарылғапов, Ерасыл Амангелді және Мадияр Абдрахманов жеңімпаздар қатарынан көріне алмады.
Аударыспақтан негізгі қарсыластар белгілі болды
Өз кезегінде аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері, негізгі қарсыластарды атады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы