Көшпенділер ойыны Ыстықкөл жағасында басталды
6 құрлық көз тіккен 6-шы дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. «Бішкек аренада» ашылу салтанаты дүркіреп өткен доданың басты бәсекелері Чолпон-ата шаһарында өтіп жатыр. Бүгін 15 отандасымыз жарыс жолына шықты. Ыстықкөл жағасына арнайы барған әріптесіміз Азат Қадырбек қазір бізбен тікелей байланыста тұр. Азат дәл қазіргі сәтте нәтижелер қандай?
Азат Қадырбек, тілші:
Қайырлы кеш, Ернұр. Ыстықкөл жағалауындағы аптап ыстық тарқай бастағанымен жарыс аймақтарында бәсекелестік қызу. 42 спорт түрінде 152 жерлесіміз бақ сынап жатқан доданың алғашқы күнінде 3-балуанымыз кураш, гореш және моңғол күресінде бақ сынады. Бозкілем додасында өкінішке қарай қоржынға жүлде түспеді. Қазақтың қара бурасы Нұрдәулет Жарылғапов курашта есе жіберсе, Ерасыл Амангелді моңғол бөхте жеңіліс тапты. Ал алғашқы айналымды еңсерген Мадияр Абдрахманов өкінішке қарай екінші айналымда ирандық палуанға жол берді.
Білек пен жүрек сыналатын аударысққа Ұлттық құрама өкілдері үлкен үміт артады.
Ат үстіндегі күрес командасының сапында тісқаққан балуандар мен қатар, жас
спортшылар да бар. Қазақстан құрамасының бас бапкері жігіттердің дайындығына
тоқталып өтті.
Жанбатыр Бекмұсаев, аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Азат
Қадырбек, тілші:
Жанкүйер асыға күткен көкпар мен көкбөрі бәсекесі ертең басталып, 6-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Палуандарымыз аттарын баптап, тек алғашқы ойыннан кейін сұхбат береміз деп белдерін бекем буып отыр.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
01.09.2026, 17:25
Ел бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғыртып жатыр
01.09.2026, 17:22
Жамбыл облысында «Түрксіб» вокзалы қайта ашылды
01.09.2026, 17:20
Шымкентте 60 мыңнан аса кәсіпті жастар басқарады
01.09.2026, 17:15
«Көкшетау жылу» жылыту маусымын шектеулі режимде бастамақ
01.09.2026, 17:12
Қостанай облысында 26 өндірістік жарақат есепке алынбаған
01.09.2026, 17:10
Астанада тоғызыншы «Жас сақшы» сыныбы ашылды
01.09.2026, 17:07
«Келешек мектептері» үш ауысымды оқуды қысқартты
01.09.2026, 17:05