Басты Жаңалықтар Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Жетісу облысында көпке үлгі болған «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары  марапатталды. Биылғы бәсекенің бәсі жоғары. Байқауға 400-ден астам жанұя өтінім білдірген. 

Биыл бас жүлде Еркеновтар әулетіне бұйырды. Берекесі мен мерекесі жарасқан жанұяның жарасымды тірлігіне 70 жылға жуықтаған. Отағасы Сәлім Сейтбайұлы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Отанасы Қалипан Рыспайқызы – 10 бала перзентіне өсіріп, өндірген батыр ана.

Қалипан Еркенова, «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы:
Бала тәрбиесіне, балаларға дұрыстап қарау керек. Еңбекке баулу керек, адамгершілікке үйрету керек. Еліне елеулі, халқына қалаулы болуы керек.

Мерейлі отбасы байқауына биыл өңірде 428 өтінім түсті. Таңдаулы 20 отбасы әділ-қазылардың қарауына ұсынылып, үздік атанған 10 жанұя марапатталды.

Арын Арыстанғали, «Әкелер одағы» РҚБ Жетісу облысы филиалының жетекшісі:

Отбасы институтын нығайтуға өзінің үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Өйткені отбасы – бұл кішігірім мемлекет. Отбасыларымыз мықты болса, біздің мемлекетіміз де мықты болады.

Шара соңында өңір басшысы Бейбіт Исабаев көпке үлгі болған отбасыларды құттықтап, ұлттық тәрбиені ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:

Президентіміз азаматтарымыздың мұңға батып, апатиялық-бойкүйездікке салынбай, білім мен технологияға, жарқын болашаққа ұмтылуы керектігін босқа айтқан жоқ. Бүгінгідей әсіресе жастар, көзі ашық, көкірегі ояу, зерделі болғаны керек.

Биыл Жетісу облысында 2,5 мыңға жуық жұп шаңырақ көтерген. Мамандар «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы институтын нығайтуға оң әсер ететінін айтады.


Бөлісу