Басты Жаңалықтар Ресейде базалық мөлшерлеме өсіп, ипотека алу қиындады

Ресейде базалық мөлшерлеме өсіп, ипотека алу қиындады

Ресейде базалық мөлшерлеме көтеріліп, ипотека алу қиындай түсті. Тұрғын үйлердің бағасы 20-30 пайызға өскен. Басты себеп- инфляцияның шарықтауы, дейді мамандар. Толығырақ тілші тарқатады.

2026 жылдың бірінші тоқсанында Ресейдегі бастапқы нарықтағы шаршы метрдің орташа бағасы 219 мың рубльге жетті. Бір жыл бұрын оның құны 190 мың рубльден сәл асатын. Сондықтан соңғы үш айда тұрғын үйге сұраныс төмендеген.
Мария Солякова, брокер, жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:
Жыл басында құрылыс компаниялары үшін салық өсті. Құрылысқа қажетті жабдықтарды шетелден әкелу қиындады, себебі логистика бұзылды. Сондықтан осындай баға қалыптасып отыр. Ай сайын үйдің бағасы қымбаттай бермек.
Қазіргі таңда банктердегі ипотеканың пайыздың мөлшерлемесі 17 пайыздан асады.  Сондықтан азаматтардың үй алуға қаражаты жетпейді. Мамандар пайыздық мөлшерлемені 12 пайызға дейін түсіру керек деп, есептейді. Ал санкция астында қалған Ресейде келер айда базалық мөлшерлеме тағы өспек.
Сергей Михневич, сарапшы:
Санкция экономиканың барлық саласына кері әсер етті. Тауар, жабдықтарға сұраныс өскендіктен, барлығын өзімізде өндіру қажет. Үшінші елдер арқылы тасымалдау қымбатқа түсті. Ал отандық өндірісті дамытуға бірнеше жыл қажет.
Жуырда Еуроодақ Ресейге қарсы 20-санкциялар пакетін жариялады. Қара тізімге отандық ірі құрылыс компаниялары да кірген. Сондықтан енді шетелден шикізат жеткізілмейді. Экономистердің болжауынша, жыл соңында пәтер бағасы 50 пайызға дейін өседі.


Бөлісу