Мемлекет басшысы сыйлаған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің тіл және Мәдениет университетіне тарту еткен ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Оны Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хан Чун Линь өткізді. Монументте әлемге әйгілі ойшылдар: әл Фараби мен Конфуций бейнеленген. Авторы - танымал қытайлық мүсінші У Вэйшань. Оның айтуынша, бірегей композиция Шығыс ойшылдарының мұрасына деген құрметтің ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың символы. Қытай Қазақстанның ең ірі стратегиялық серіктесінің бірі. Сондықтан екі ел арасындағы байланысты нығайта түсетін білікті мамандарды даярлау маңызды. Бұл ретте Астана халықаралық университетінің базасында орналасқан Бейжің тіл және мәдениет университетінің орны айрықша. Сондықтан болар Мемлекет басшысы монументті дәл осы оқу орнына тарту етті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы