Басты Жаңалықтар Ресейде сандық рубль айналымға шығады

Ресейде сандық рубль айналымға шығады

Ресейде 1 қыкүйектен бастап сандық рубль айналымға шығады. Бұл ұлттық валютаның тағы бір түрі болып саналады. Арнайы платформада цифрлық рубльмен QR-код  арқылы операциялар жасалады, ал ақпараттық жүйенің операторы тек Ресей Банкі болады. Заңға сәйкес, Орталық банк сандық рубль шоттары, олардағы қалдықтар және пайдаланушылардың операциялары туралы құпияға кепілдік береді. Жеке тұлғалар үшін бұл валютамен операциялар тегін болмақ, ал заңды тұлғалар үшін комиссия төлемнің 0,3 пайызы. Мамандардың айтуынша, сандық рубль криптоақша емес, ол бірінші кезекте жемқорлық және алаяқтықпен күреске бағытталған.

Гарегин Тосунян, Ресей банктері қауымдастығының президенті:
Заңнамаға өзгеріс енгізілді. Енді бизнес жаппай сандық рубльды айналымға енгізуі тиіс. Ресейдің орталық банкінде арнайы есеп шоттар ашылады. Алайда техникалық жағынан коммерциялық банктер қаншалықты дайын, ақша қорғалған ба, бұл жағы белгісіз.


Бөлісу