Басты Жаңалықтар Түркияда жас зерттеушілердің жазғы мектебі ашылды

Түркияда жас зерттеушілердің жазғы мектебі ашылды

Түркияның Кония қаласында түркітілдес мемлекеттерден жиналған жас зерттеушілердің жазғы мектебі басталды. Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған басқосуда әлемнің әр түкпірінен келген 30-дан аса жас ғалым түрлі салада пікір алмасып, тәжірибелі ғалымдардың дәрістерін тыңдайды. Жазғы мектептің бағдарламасы түркі әлемінің тарихы мен географиясы, түркі тілдері мен әдебиеті, өнер тарихы, сәулет өнері сияқты сан саланы қамтиды. Осы жерде бір апта ішінде қалыптасатын ғылыми байланыстар болашақта бірлескен зерттеулер мен түркі әлемінде ірі ғылыми жобаларға ұласатынына сенеміз дейді мамандар. Жазғы мектеп Түркі академиясы, Түркия ғылым академиясы және Селжук университетінің ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр.

Ақмарал Кенжеахметқызы, PHD докторы, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті:

Жас зерттеуші ретінде, ғылым адамы ретінде бұл жазғы мектептің бізге берері көп. Ең біріншіден біз тек практикалық білім ғана алып емес, сонымен қатар тәжірибе жүзінде ғалымдармен байланыс орнатуға өзіміздің ғылым алаңымызда зерттеп жүрген зерттеушілермен, жас ғалымдармен танысуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жалпы жастар арасындағы әсіресе түркі халықтары арасында байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған мұндай шаралардың маңызы зор деп есептеймін.
Бөлісу