Басты Жаңалықтар Тазалық сақтамағандарға 10 АЕК айыппұл салынады

Тазалық сақтамағандарға 10 АЕК айыппұл салынады

Елорданың Алматы ауданында «Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары аясында профилактикалық рейд өтті. Мамандар тұрғындарға пикниктен кейін аумақты таза ұстау, қоқыс тастамау және белгіленбеген жерде от жақпау талаптарын еске салды. Жаз басталғалы аталған аудан бойынша 20-ға жуық рейд ұйымдастырылған. Мамандар соның өзінде абаттандыру ережелерін бұзудың 2500, ал қоғамдық орындарды ластау бойынша 30-дан астам жағдай анықталғанын айтады.

Нұралы Тәңірбергенов, «Алматы» ауданы ПБ №4 УПП аға инспекторы:

Бұл жұмыс арнайы ұйымдастырылмайды, бізде күнделікті өткізіліп отырады. ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 434-2-бабында қоғамдық орындарда, яғни парк, скверлерде коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау, бүлдіру үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл, сондай-ақ 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы көзделген. Егер бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса, 20 АЕК көлемінде айыппұл және 40 сағаттан 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған.


Бөлісу