Талдықорғанда өрт сөндіру депосы ашылды
Талдықорғанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Оған қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Дамир Тарановтың есімі берілді. Депо заманауи өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларымен жабдықталған. Әсіресе көпқабатты үйлердегі өртке жедел жетіп, қызыл жалынды сөндіруге мүмкіндік береді. Айта кетейік, қазір Жетісу облысында өрт қауіпсіздігін күшейту күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Ауылдық жерлерде 18 өрт сөндіру бекеті салынып жатыр. Оның 10-ы пайдалануға берілді. Осылайша Төтенше жағдайлар департаментінің техникамен жабдықталу деңгейі 84 пайызға жетті.
Нұрбол Исанов, облыстық өрт
сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы:
Жедел дағдарыс орталығы ашылып отыр. Яғни облыс аумағындағы барлық 112, 101
қауырт желілеріне түскен қоңыраулар осы жерден қабылданып, дер кезінде күштер
мен құрамдар жолданатын болады.
Марат Шөкенов, өрт сөндіру
қызметінің ардагері:
Мысалы, өртті уақытында өшіру, уақытында бару, өртті ары қарай жібермей локализация жасау. Сыртта мына аудандарда үлкен өрт, орман өрті болса, осы жерден шығады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23