Басты Жаңалықтар Ресей демографиялық дағдарысқа ұшырады

Ресей демографиялық дағдарысқа ұшырады

Ресейде демографиялық дағдарыс белең алды. Бала туу көрсеткіші жыл сайын 3-5 пайызға азайып бара жатыр. Осы бетімен кете берсе 2029-2030 жылдары халық саны 30 пайызға дейін кемуі мүмкін дейді мамандар. Былтыр бала туу статистикасы 1990 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жеткен. Бұған себеп өмір сүру көрсеткішінің төмендеуі, инфляция, және ажырасу жағдайларының көбеюі. Сондықтан екіге айырылғандарға айыппұл салу мәселесі де күн тәртібіне шықты. Атап айтқанда, ажырасқандарға мемлекеттік баж салығын 5 мың рубльден 100 мың рубльге,яғни 650 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды.

Александр Заремба, әкелер одағының төрағасы:
Қазір кез-келген отбасы үшін жан бағу өте қиын. Материалдық мәселелер шешілмейінше, бала туу көрсеткіші төмендей береді. Немесе көпбалалы отбасылар үшін арнайы субсидия берілуі тиіс.


Бөлісу