2029 жылға дейін түлектердің 80% ЖИ қолдануды меңгереді
2029 жылға қарай мектеп, колледж және университет түлектерінің 80%-ы жасанды интеллектіні қолдануды меңгереді. Үш жыл ішінде ақылды технологиялар арқылы мемлекеттік қызмет алуға кететін уақыт екі есеге қысқарады. Сондай-ақ, әлемдік нарыққа шығатын кемінде үш отандық IT-компания құру көзделген. Тиісінше жоғары технологиялар мен цифрлық салада 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы «Digital Qazaqstan – 2029» жоспарының таныстырылымында айтылды. Құжатта әр сала бойынша нақты цифрлық шешімдер айқындалған. Енді осы міндеттерді кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланып отыр.
Ростислав Коняшкин, ЖИ және цифрлық даму бірінші вице-вице-министрі:
Қазір әр министрлікте цифрлық вице-министр бар. Олар салаларды автоматтандыру бойынша жедел жұмыс жүргізіп жатыр. Мысалы, автожол саласына жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау жүйесі енгізілуде. Ол заңбұзушылықтарды анықтап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтерді жылдам алу үшін eGovGPT іске қосылды. ЖИ білім беру мен медицинада да қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні жаппай енгізу – уақыт талабы. Оны қолдануға көшуді қазір бастамасақ, кейін кеш болуы мүмкін.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23