Республикалық маңызы бар жолды сел шайып кетті
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолды
сел шайып кетті. Соңғы екі күндегі жауған жаңбыр салдарынан Сарыөзек пен Көктал
ауылдарын жалғайтын жолдың бір бөлігі бүлінген. Қазір оқиға орнынан әріптесім
Нұрдәулет Сыздық тікелей эфирге қосылуға дайын.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Мен қазір сел салдарынан жарамсыз күйге түскен жол бойындамын. Бүлінген аймақ маңы ойлы-қырлы жер болғандықтан, су ағыны күшейіп, жолдың бір бөлігін тас-талқан етті. Шағын көпірлер маңына лай мен тас жиналған. Жаңбыр суы арықтардың ернеуінен асып, жол жиегі, жер төсемі мен қоршау элементтері бүлінген. Алайда көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Автомобильдер бұл аумақта реверсивті қозғалыспен жүріп жатыр. Бүгінде тау беткейлерінен аққан су тоқтады. Құрылысшылар жауын-шашын салдарын жою жұмыстарына кірісті. Бүлінген аймақ лай мен тастан тазартылып жатыр. Мамандар автожолды апта соңына дейін толық қалпына келтіреміз деп отыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23