Жеңілдетілген ипотекаға қатысты талаптар өзгереді
Қазақстанда жеңілдетілген ипотекаға қатысты талаптар өзгереді. 14 қыркүйектен бастап 2 пайыздық несие тек тұрғын үй кезегінде тұрған сегіз санатқа беріледі. Олардың қатарында ардагерлер, жетім балалар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жесірлер және көпбалалы жанұялар бар. Ал 5 пайыздық ипотекаға тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азамат қатыса алады. Бұл ретте отбасының табысына қатысты талап болмайды. Айта кетейік, қазір 2 пайыздық ипотекаға тұрғын үй кезегінде тұрған және отбасы мүшесіне шаққандағы табысы 5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар қатысты.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06