Елордада есірткіге қарсы шара өткізілді
Елордада есірткіге қарсы профилактикалық шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Бұл жолы мектеп оқушылары мен ересектер зиянды әдеттердің алдын алуға қатысты интеллектуалды сұрақтарға Quiz ойыны арқылы жауап берді. Мақсат салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Осы шара куиз форматында ұйымдастырылғаны бізге ұнайды. Себебі біз қарсыластарымызбен жарысып, уақытымызды көңілді өткізіп, сұрақтарға жауап беріп отырамыз. Екінші жағынан өте пайдалы ақпараттар аламыз.
Қатысушылар түрлі сала бойынша білімін сынап, құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздікке қатысты сұрақтарға да жауап берді. Ойын барысында заң талаптарын сақтаудың және саналы таңдау жасаудың маңыздылығы түсіндірілді. Себебі жастарды заңсыз есірткі айналымына тартуға тырысатындар көп. Ал олардың арбауына жиі түсетіндер – жастар.
Әлия Қибатқызы, қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы:
Статистикаға келетін болсақ, жыл басынан полиция қызметкерлерімен 400-ден астам заңсыз есірткі айналымына қатысты құқықбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 250-ден астам есірткі затын сататын тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық істер. Заңсыз есірткі айналымынан 450 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 15 кг синетликалық есірткі заты.
Жыл басынан бері есірткіге қарсы 400-ден астам профилактикалық іс-шара өткен. Оның ішінде спорттық жарыстар, түрлі акциялар мен дөңгелек үстелдер бар. Ал бұл – солардың ішіндегі зияткерлік форматта ұйымдастырылған алғашқы түсіндіру жұмысы. Мұндай профилактикалық жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы