Басты Жаңалықтар Вашингтон Тегеранға қарсы ауқымды санкция жариялады

Вашингтон Тегеранға қарсы ауқымды санкция жариялады

Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы жаңа ауқымды санкция жариялады. Ол Ислам Республикасының тағы бес секторын шектеуді көздейді. Солардың қатарында авиация, сандық активтер, алтын өндірісі, спорт және академиялық алмасу бар.

Мұны АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді. Оның сөзінше, Вашингтон осылайша бүкіл әлемде Иранға қарсы экономикалық шабуылға кірісті. Және де Бессент Тегеранмен қаржылық байланысты үзбеген елдер де біржақты түрде жазаланатынын ескертіп отыр.

Иран болса, Америкадан кек алатынын мәлімдеп, өзінің негізгі серіктестерінің АҚШ-тың қысымына бас имейтініне сенім білдірді.

Айта кетсек, Иран Вашингтонның санкцияларына ондаған жылдар бойы төтеп берді. Бірақ Пентагонның биылғы әскери-теңіз блокаласы бұл мемлекеттің экономикасына үлкен зиян келтіріп жатыр.

Бөлісу