Мүгедек азаматтарға дауыс беруге қолайлы мүмкіндік жасалды
Павлодар облысындағы дауыс беру учаскелерінде мүгедектігі бар әрбір азаматтың сайлауда дауыс беруіне басқа азаматтармен тең дәрежеде жағдай жасалды. Дауыс беру басталған сәттен-ақ инватакси қызметі іске кірісті. Нағым Бейсенқызы сайлау учаскесіне бармас бұрын онда қолайлы жағдай жасалғандығы туралы ақпаратпен алдын ала таныстым дейді. Себебі, жүріп-тұруы қиын адам үшін дауыс беру мүмкіндігі кіреберістегі пандуспен шектелмейді. Әр адам учаскеге өздігінен, кідіріссіз кіріп, кедергісіз қозғалып, дауыс беруге қажетті құралдарды еркін қолдана алған. Облыс орталығындағы 97-ші сайлау учаскеде 1916 адам тіркелген. 21 адамның мүгедектігі бар. Олардың бәрі дауысты өздері келіп берді.
Нағым, Сағатова, Қала тұрғыны:
Маған келіп дауыс берген ұнайды, қолайлы. Әрине барлық жағдай жасалған. Сондай үлкен үмітпен келіп отырмын. Егеменді еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы