Басты Жаңалықтар Әлем ақпарат құралдары құрылтай сайлауы туралы хабар таратты

Әлем ақпарат құралдары құрылтай сайлауы туралы хабар таратты

Бүгін әлем ақпарат құралдарында да Қазақстандағы айтулы саяси оқиға жайында хабар-ошарлар көптеп жарияланып жатыр. Солардың  бірі Американың әйгілі «Ассоушиэтед пресс» агенттігі. Оның бірер сағат бұрын жарық көрген мақаласында Құрылтай сайлауы биылғы референдумда халықтың 87 пайызы қолдаған конституциялық реформаның кульминациясы ретінде сипатталған. Ал Қатардың панарабиялық «әл-Жәзира» телекомпаниясы болса, осы тақырыпқа түсіндіруші материал, яғни, «эксплейнер» әзірлеген. Онда Қазақстан өзінің заң шығару жүйесін өзгертіп, Орталық Азияның ірі демократиялық державасы ретінде орнығуға ұмтылып отырғаны айтылыпты. Түріктің маңдайалды мемлекеттік жаңалықтар агенттігі «Анадолы» да  Қазақстандағы сайлауды назардан тыс қалдырмады. Оның тілшісі жеті саяси партиядан 545 үміткер бақ сынайтынын хабарлай отырып, «Құрылтай» атауының көшпенділер дәстүрінен бастау алатынын ерекше атап өткен. Ал Ресейдің ТАСС агенттігінің әлем жаңалықтары қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ашылған бөлімшеде дауыс бергені туралы мәлімет таратты.


Бөлісу