Басты Жаңалықтар Биыл 60 мың оқушыға арналған 101 мектеп салынбақ

Биыл 60 мың оқушыға арналған 101 мектеп салынбақ

Биыл елімізде 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Олардың 296 мыңға жуығы мемлекеттік, қалғаны жекеменшік мектептерде білім алады.

2019-2025 жылдары елімізде 1 млн-нан аса оқушыға арналған 1200-ден астам мектеп салынды. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептердің саны 4 есеге, апатты мектептер 2 есеге, орын тапшылығы 4 есеге қысқарды. Жаңа оқу жылында 47 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 20-сы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Ал жыл соңына дейін тағы 64 білім ошағының құрылысы аяқталады. Осылайша, 60 мыңдай оқушы жаңа да, жайлы ортада білімін алады. Бұған қоса, 178 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Балабақшалар саны 12 мыңнан асты. Ал, соңғы 7 жылда жоғары оқу орындарына бөлінетін білім гранттарының саны 1,5 еседен астам артты. Ғылымды қаржыландыру көлемі биыл 252,5 млрд теңгеге жетті.

Бөлісу