Тікелей эфирдің тынысы
Тікелей эфирдің сыртында да өз алдына бір әлем бар. Мұнда әр секундтың есебі бөлек. Бір жерде камера дайындалып жатса, енді бір жерде журналистер соңғы ақпаратты нақтылап, жүргізушілер кезекті эфирге қамданып жатыр. Қазір онлайн марафонның қызған жағы. Кадр сыртындағы атмосфера қандай? Оны Әріптесім, Қозы Көрпеш Жасарал айтып береді
Қозы Көрпеш Жасарал, тілші:
Онлайн марафонның ерекшелігі де осында. Эфир бір сәтке де тоқтамайды. Жаңалықтар жаңарып, қонақтар ауысып, жер-жерден тікелей қосылымдар жасалып жатыр. Ал кадр сыртында әдеттегідей қарбалас.
Қозы Көрпеш Жасарал, тілші:
Мұндай ауқымды эфирде әр секунд маңызды. Біріміз ақпаратты дайындасақ, енді біріміз байланыстарды қадағалаймыз. Барлығында бір мақсат. Көрерменге сапалы әрі жедел ақпарат жеткізу. Міне, әріптесім Данияр Қайыртай жаңа ғана тікелей эфирді аяқтады. Данияр, көңіл-күй қалай? Онлайн-марафон қалай өтіп жатыр?
Данияр Қайыртай, тілші:
Қозы Көрпеш Онлайн-марафон өте қызық өтіп жатыр. Жалпы, осы медиа жобаны бізді ТРК бірнеше рет өткізген. Және әбден маманданып алған деп айтсақ болады. Бұл 16 сағаттық марафон болғандықтан кез келген эфирден тыс жағдайлар болып қалуы мүмкін. Сол сәттерде біз кез келген форс мажорға дайын болуымыз керек қой.
Қозы Көрпеш Жасарал, тілші:
Қазмедиа орталығында кітап көрмесі де жасақталған. Онлайн марафонда кезегін күткен сарапшылар мен қонақтар осында ойға ой қосып, кейін мына көшпелі студияларда өз пайымын айтады. Иә, медиа алаңда саяси науқан мен қатар қоғамдағы өзекті тақырыптар таразыланып жатыр.
Тимур Бектұр, ІТ-сарапшы:
Медиа алаңда біз өте бір маңызды тақырыпты талқыладық. Әлеуметтік желіде медиаконтент жасаудың жауапкершілігі. Демек біз цифрлық гигиенаға мұқият қарауымыз керек қой. Өте дұрыс. Бұл цирфлық гигиена, бұл медиа этика. Соның қасына ЖИ гигиенасы келіп қосылды ғой.
Қозы Көрпеш Жасарал, тілші:
Тікелей эфирдің шынайы атмосферасы да – осы: Кадр сыртындағы әр маман қадірлі. Ұлттық арна ұйытқы болған 16 сағатқа созылатын жалпыұлттық марафон командалық жұмыстың нәтижесі.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр
23.08.2026, 15:22
Биыл елге 3 млн турист келген
23.08.2026, 15:21
Байқаушылар заң бұзушылықтар болмауын қадағалап отыр
23.08.2026, 15:20
Дауыс беруге барлық жағдай жасалған
23.08.2026, 15:20
Өңірде 952 сайлау учаскесі ашылған
23.08.2026, 15:19
Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді
23.08.2026, 15:15
Президент: Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы тиіс
23.08.2026, 15:11
Respublica партиясының төрағасы дауыс берді
23.08.2026, 15:10