Басты Жаңалықтар Қазақстан мұнайға тәуелділіктен арылып келеді

Қазақстан мұнайға тәуелділіктен арылып келеді

70 мыңнан астам гектар күріш дақылына шаруалар бірер күнде орақ салмақ. Бүгінде Қазақстан мұнайға тәуелділіктен арылып келеді. Елде қара алтын өндіру көлемінің төмендегеніне қарамастан экономикамыз өсіп жатыр. Бұған шикізаттық емес сектор серпін беріп отыр.

Мұнай өндіру көлемінің 8,9 пайызға төмендегеніне қарамастан, биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1 пайызға өсті. Экономиканың ілгерілеуіне негізінен шикізаттық емес сектор серпін берді. Оның көлемі бір жылда 5,4 пайызға артқан. Ал өңдеу өнеркәсібі 9 пайызға өсті. Ең жоғары көрсеткіш химия саласында тіркелді. Машина жасау 22 пайызға, тамақ өнімдерін өндіру 13,9 пайызға өсті. Фармацевтика өндірісі 38,5 пайызға, дайын металл бұйымдарын шығару 35 пайызға артқан. Құрылыс материалдарын өндіру де 9,4 пайызға өсті. Экономиканың басқа салаларында да оң динамика бар.


Бөлісу