Қытайда дауыс беру жалғасып жатыр
Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып Қытайдағы дауыс беру учаскелері ашылды. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Бүгін сайлау барысы туралы біздің аспан асты еліндегі тілшіміз жан-жақты ақпарат таратады. Қазір көрші елдің астанасы Бейжіңнен Әйгерім Ермұханқызы тікелей байланыста. Әйгерім, Қытайда бас-аяғы қанша учаске жұмыс істейді? Жалпы дауыс беру науқаны қалай өтіп жатыр?
Әйгерім Ермұханқызы, тілші:
Қайырлы таң, әріптестер! Армысыз көрермен! Осындай тарихи күнде біз де сіздермен біргеміз. Сонымен, бүгін Қытайда 4 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларында орналасқан. Учаскелер осы шаһарлардағы дипломатиялық өкілдіктердің аумағында ашылды. Біз еліміздің Бейжіңдегі елшілігінің ғимаратында ашылған №421-ші сайлау учаскесінен ақпарат таратамыз. Бұл жерде бірден бірнеше адам кіріп дауыс бере алатындай жағдай жасалған. Қақ ортада бюллетень жәшігі тұр. Дауыс берушілерге арналған 4 бөлме бар. Дәл бұл учаскеде 170 азамат тіркелген. Негізінен дауыс берушілер Қытайда жұмыс істеп жүрген дипломаттар, ұлттық компания өкілдері, олардың отбасылары. Студент жастар. Бұл елде Президент тапсырмасымен мемлекеттің қолдауымен оқып жатқан *** жас бар. Учаскеде жұмыс басталғалы 3 сағаттан асты. Қазір қарбалас байқалмайды. Дегенмен таңертеңнен бері бюллетень алып дауыс беріп кетіп жатқандар бар. Дауыс беру тәртібі, жалпы науқан барысы туралы ақпаратты комиссия төрағасы Рахымжан Рахимовтан білейік.
Рахымжан Рахимов, №421 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы:
Қазіргі уақытқа дейін қанша адам дауыс берді? Алдын ала тіркелмеген азаматтар келсе дауыс бере ала ма?
Әйгерім Ермұханқызы, тілші:
Айта кету керек, Қытай қазақстандықтар ең жиі келетін ел. Көрші мемлекетпен арада визасыз режим қалыптасқалы барыс-келіс тіптен артты. . Жуырда тек қана автомобиль жолдарымен шекара арқылы кіріп-шыққан адам саны 1 миллионнан асып рекорд тіркелді. Демек, бұл да бүгінгі дауыс берушілердің артуына себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мұнайға тәуелділіктен арылып келеді
23.08.2026, 08:02
Н.Ілиясов ауылының диқандары дауыс берді
23.08.2026, 07:56
Орталық сайлау комиссиясы: 10 363 дауыс беру учаскесі ашылды
23.08.2026, 07:54
Құрылтай сайлауы басталды
23.08.2026, 07:07
Аймақта 534 сайлау учаскесі жұмысын бастады
23.08.2026, 07:03
670 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
23.08.2026, 07:01
Сайлау учаскелері ашылды
23.08.2026, 06:58
Құрылтай сайлауы басталды
23.08.2026, 06:57