Басты Жаңалықтар Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары қорытындыланды

Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары қорытындыланды

Бүгін елімізде Құрылтай сайлауы алдындағы «тыныштық күні» өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясында саяси додаға дайындық жұмыстары қорытындыланды. Ел бойынша барлығы 12 миллион 605 мың 788 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру үшін 10 мың 423 сайлау учаскесі дайындалды. Сонымен қатар 61 елде 79 шетелдік сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау процесіне қатысатын комиссиялардың құрамында 71 мың 277 адам бар. Оның ішінде Орталық сайлау комиссиясында – 7, аумақтық сайлау комиссияларында – 1 мың 700 ден астам, ал учаскелік сайлау комиссияларында 70 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Басты міндет - сайлау учаскелерінің толық дайындығын қамтамасыз етіп, дауыс беру процесін заң талаптарына сай өткізу. 4-17 тамыз аралығында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелері мен аппарат қызметкерлері өңірлерге инспекциялық сапарлар жасап, комиссия мүшелерінің дайындық деңгейін тексерді. Анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Бөлісу