308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
Халықтың саяси институттарға деген сенімі нығайып келеді. Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер ұйымдастырған форумда сарапшылар осындай пікір айтты. Жиында азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге бағдарланған 308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатқаны да айтылды.
«Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға». Бұл жай ғана форум емес, елдің дамуын үдерісін саралап, қоғам сұранысына жауап іздейтін жиын. Қазақстан цирфлық кеңістікте қуатты елдердің қатарында. Жасанды интеллект игілігін банк секторынан бастап, әлеуметтік салаларда да кеңінен қолданылып жатыр. Енді алдағы меже де міндетті ауқымды.
Дмитрий Мун, Q.AI компаниясының бас директоры:
Бүгінде Қазақстан бұл бағытта өз өнімдерін шетелге ұсынуға ұмтылып отырған елдердің біріне айналды. Біз іс жүзінде цифрлық агенттер фабрикасын құрып жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда азаматтарға да, мемлекеттік қызметшілерге де бағдарланған 308 ЖИ агенті әзірленуде. Қажетті деректер жинақталған, заңнамалық база қалыптасқан, суперкомпьютер мен түрлі тілдік модельдер бар.
Қазіргі қоғамда ЖИ-дің мүмкіндіктерін мейлінше қолдануға бейіл. Азаматтардың 60 пайызы мұндай бастаманы мақұлдаған. Жоғары білім мен ғылымда да ілгерілеу бар. Қаржыландыру көлемі 121 миллиардтан 173 миллиард теңгеге өсті. Ал қолданысқа енгізілген ғылыми жобалардың үлесі 31 пайызға жетті. Әсіресе жаңартылатын энергия көздерін дамыту кезек күттірмейтін мәселе.
Әлихан Байдүйсенов, сарапшы:
Қазір қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртып жатырмыз. Сонымен қатар атом энергетикасы мен газ генерациясын дамытуға бағытталған ірі жобалар іске қосылды. Қазір қабылданып жатқан осы шешімдер алдағы онжылдықтарда энергетика саласының ғана емес, жалпы Қазақстан экономикасының даму бағытын айқындайды.
Экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділікті азайту күн тәртібінен түспейді. Сарапшылар пайымы осы. Бұл ретте ең басты ресурс – адам капиталы. Қазір Қазақстан халқының саны 20 млн-нан асты. Өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады.
Жұлдызай Искакова, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрайымы:
Біздің институт соңғы бірнеше жылда халықтың сенім деңгейінің артқанын байқап отыр. Әсіресе 2022 жылмен салыстырғанда қазіргі көрсеткіш ең жоғары деңгейге жетті деуге болады. Бұл — реформалар жүргізуге қолайлы кезең. Яғни қоғам саяси институттарға өзгерістер жасауға белгілі бір деңгейде «карт-бланш» беріп отыр. Қоғамда оптимизм деңгейі өте жоғары және қазіргі өзгерістерден оң нәтижелер күтуде.
Талқыланған тақырыптар тізбесінде елдің экномикалық әлеуеті де сөз болды. Дастан Әкебаевтың айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика ретіндегі позициясын сақтап келеді. Өңірдегі жалпы ішкі өнімінің 54%-ы Қазақстанға тиесілі. Шағын және орта бизнестің орны нығайып, бұл секторда 4,5 млн-дай адамды жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы