Вашингтон Тегеранға «тарихтағы ең қатаң санкция» жарияламақ
АҚШ Иранға экономикалық соғыс жариялап, оған қарсы санкцияларды күшейтіп жатыр. Онсызда қарулы шабуылдар салдарынан қаржылық жағдайы қиындаған Ислам Республикасында сауда-саттық қиындап отыр. Тегеран базарында қалыптасқан ахуалға Арыстан Рысбек толығырақ тоқталады.
Бизнес қиын жағдайды бастан кешіп жатыр. Кейінгі кездері Тегеранның бас базарында дүкен мен дүңгіршек ұстаушылардың айтатыны осы. Иран астанасында бір кездері қыз-қыз қайнаған сауда қарқының төмендеуіне соғыс пен инфляция және тауарлардың баяғыдай дер кезінде жетпеуі себеп және де АҚШ пен Израильдің шабуылдары мен блокадаларынан талай адам жұмыссыз қалды, табыстан қағылды, сұраныс төмендеді.
Экономикалық жағдай белгілі бір деңгейде нашарлады. Сондықтан көрші дүкендердің көбі саудадан бас тартып, жалға алған орындарын қайтарып жатыр. Өйткені дүкен ұстау іс жүзінде мүмкін болмай барады.
Соғыстан Ормұз бұғазы жабылғаны белгілі. Сондықтан қазір Иранға теңізбен жүк енгізу тоқтады. Импорт қысқарғандықтан, тауар азайып, көп дүние қымбаттамаса, арзандаған жоқ. Ислам Республикасы тауарды құрлықтық дәлізбен, Каспий теңізінімен әкелуге әрекеніп жатыр. Алайда бұл бағыттарға түсетін салмақ ауыр. Экономикалық қысымның күшейгенін ел президенті де ашық мойындап отыр.
Масуд Пезешкиан, Иран президенті:
Бағаның өсетіндей жөні бар. Бұрын тауарды кемемен тасушы едік. Қазір импорт бізге жетуі үшін ұзақ жолдан өтуі керек. Дайын өнімнің нарқы өсіп жатыр. Ал табысымыз төмендеп барады. Осыған дейін мұнай сатушы едік, бүгін шикізатты сыртқы нарыққа жеткізе алмай отырмыз.
Осындай шақта АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға экономикалық соғыс жариялады. Оның ескертуінше, бұл мемлекетке қандайда бір көмек көрсеткен елдер сол жәрдемнің зардабын тартады.
Ал өткен тәулікте Американың қаржы министрі Скотт Бессент Тегеранға «тарихтағы ең қатаң санкция» салатынын хабарлады. Иран бұның бәрін «экономикалық терроризмге» теңеп, Вашингтоның жаңа шектеулері де сәтсіздікке ұшырайтынын ескертіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы