Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар тобымен кездесті. Басқосуда Қазақстандағы сайлау процесіне дайындық барысы, жүйедегі өзгерістер мен квоталау мәселелері сөз болды. Байқаушылар тобы елордадағы және оған жақын аумақтағы учаскелерде бақылау жүргізеді.
Сергей Поспелов, ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясының жауапты хатшысы:
Біз Қазақстандағы сайлау үдерісіне қатысты ақпараттандыру жұмысының жаңа деңгейге көтерілгенін байқап отырмыз. Бүгінде азаматтарға ақпарат жеткізудің дәстүрлі тәсілдерімен қатар, жасанды интеллект технологиялары, түрлі қосымшалар мен мессенджерлер де кеңінен қолданылып келеді. Бұл, біздің ойымызша, сайлаушыларды ақпараттандырудың тиімділігін арттырып, азаматтардың сайлау процесіне қатысуына оң әсер етеді.
Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаровпен де кездесу өтті. Айта кетейік, алдағы саяси науқанды бақылауға жалпы 42 елден 777 халықаралық байқаушы аккредиттеуден өткен. Оның 617-сі 13 халықаралық ұйымның атынан келген.
Тыныштық Шайназаров, Қырғыз Республикасы ОСК төрағасы:
Бұл – Қазақстан тарихындағы маңызды кезең. Елде жүзеге асырылып жатқан реформалардың нәтижесінде Құрылтайдың жаңа құрамы қалыптаспақ. Осы ретте Қазақстан заңнамасында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың, жастардың, әйелдердің өкілдігін қамтамасыз ететін нормалардың қабылданғанын атап өткім келеді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысына 120 дәрігер қажет
21.08.2026, 13:20
5 мыңдай науқас донор күтіп жүр
21.08.2026, 13:17
Әскери қызметшілер бітімгерлік миссияларға дайындалып жатыр
21.08.2026, 13:15
Вашингтон Тегеранға «тарихтағы ең қатаң санкция» жарияламақ
21.08.2026, 13:12
Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар
21.08.2026, 13:09
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай жүйелі өзгерістерге жол ашады
21.08.2026, 13:06
Құрылтай сайлауы: Қалай дауыс беруге болады?
21.08.2026, 13:00
Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуі байқалады
21.08.2026, 12:34