Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ТҮРКПА делегациясымен, ТМД және ШЫҰ миссияларының өкілдерімен сайлауға дайындық барысын талқылады. Кездесулерде дауыс беру тәртібі, сайлау процесінің ашықтығы және халықаралық байқаушылардың жұмысы сөз болды. Алдағы саяси науқанды бақылауға 42 елден 777 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Оның ішінде 617 байқаушы 13 халықаралық ұйымның атынан келген. Шетелдік мамандар Қазақстандағы сайлауда заманауи технологиялардың кеңінен қолданылуына ерекше назар аударды.
Осман Местен, ТҮРКПА миссиясының басшысы:
Бұл сайлауда жасанды интеллект пен басқа да технологиялық құралдардың барынша жоғары деңгейде қолданылып отырғанына куә болдық. Біз де Қазақстанның тәжірибесінен үлгі алғымыз келеді. Жалпы, ТҮРКПА делегациясы ретінде осындай тарихи сайлауға бақылаушы болу – үлкен мәртебе әрі қуаныш. Түркі әлемі үшін түркі мемлекеттеріндегі барлық оң өзгерістер бізді қуантады. Орталық Азия елдеріндегі кез келген жетістік – бүкіл түркі әлемінің жетістігі.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық жарысы өтті
20.08.2026, 17:35
Жетісу омарташылары 130 тоннадан аса бал өндіреді
20.08.2026, 17:31
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 17:29
Атыраулық диқандар 50 мың тоннадай өнім жинады
20.08.2026, 17:27
Өскеменде қоқыс шығаруды цифрлық жүйемен бақылайды
20.08.2026, 17:25
Гарри ханзада мен жұбайы Меган еліне оралады
20.08.2026, 17:22
Бұрынғы мультимиллиардер қалған өмірін түрмеде өткізеді
20.08.2026, 17:20
Фельдшер Ұ.Мырзуан ісі: Жәбірленуші тарап тыңдалды
20.08.2026, 17:17