Құрама штаттардың мемлекеттік қарызы 40 трлн доллардан асты
АҚШ-тың қарызы алғаш рет 40 триллион доллардан асты. Осылайша, Құрама Штаттардың мемлекеттік берешегі соңғы он жылда екі есеге артқан. Мұны Американың Қазынашылық департаменті хабарлады.
Сарапшылардың ойынша, бұл өсімге Трамп пен Джо Байден әкімшіліктері тұсында шығындардың айтарлықтай көбеюі мен пайыздық төлемдердің үздіксіз артуы себеп болған.
Болжамдарға қарағанда АҚШ-тың ұлттық борышы 2036 жылы 64 триллион долларға жетуі ықтимал. Кейбір экономистердің пікірінше, федералдық үкіметтің бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін қарызды көп алуы несие пайызы мен инфляцияны жоғарылатып, елді қымбатшылыққа душар етеді.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13