29 штат Meta компаниясын сотқа берді
АҚШ-та әлеуметтік желінің жастарға зияны жайлы ең ірі сот басталды. Бұл процесс Калифорния штатының Окленд қаласында өтіп жатыр.
29 штат түсірген шағымға қарағанда, Марк Цукербергтің Meta компаниясы миллиондаған баланы Facebook пен Instagram-ға әдейі тәуелді еткен. Және де Meta жеткіншектерді осы платформаларды пайдалануы үшін адамды мазасыздыққа, күйзеліске, тіпті өзіне қол жұмсайтындай жағдайға итермелеген.
Технологиялық компания болса, тағылған кінәні жоққа шығарып, пайда табу үшін өскелең ұрпақты желіге қасақана байламағанын мәлімдеп отыр. Сонымен қатар, Meta өкілдерінің сөзінше, жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануы мен олардың жағдайының нашарлауы арасында айқын байланыс бар екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген жоқ.
Болжамдарға қарағанда, айыбы дәлелденсе, Meta 1,4 триллион доллар айыппұл төлеуі тиіс. Бұл – оның нарықтағы құнына пара пар сома.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы