Басты Жаңалықтар Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі

Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі

Кепілдендірілген медициналық көмек аясында әлеуметтік маңызы бар 11 ауруға күдік туған жағдайда азаматтарға консультативтік-диагностикалық қызметтер тегін көрсетіледі. Тегін қызмет медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан қолжетімді. Олардың қатарында туберкулез, адамның иммун тапшылығы инфекциясы, қатерлі ісіктер, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық және мінез-құлқындағы бұзылыстар, орфандық аурулар, жүйке жүйесінің дегенеративті және деми ели низация аурулары, эпилепсия, сондай-ақ жедел миокард инфарктісі мен инсульт бар.

 Әлеуметтік маңызы бар аурулар: 

 1. Туберкулез
 2. АИТВ инфекциясы
 3. Қатерлі ісіктер
 4. Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы
 5. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар
 6. Орфандық аурулар
 7. Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары
 8. Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары
 9. Эпилепсия
 10. Жедел миокард инфарктісі
 11. Инсульт

Бөлісу