ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат жүргізу үшін барлық жеті партияға тең жағдай жасалған. ТМД байқаушылар миссиясы сайлауға дайындық барысына оң баға берді. Халықаралық байқаушылардың тұжырымынша партиялардың халықпен жұмыс істеуі үшін ауқымды инфрақұрылым құрылған.
Жергілікті атқарушы органдар сайлауалды іс-шараларды өткізу үшін 4300-ден астам нысан бөлген. Оған қоса, ел бойынша үгіт-насихат қағаздарын ілу үшін 8 000-нан астам орын дайындалған. Медиа саласы да белсенді. 442 баспа және электронды БАҚ, 350 интернет-басылым және онлайн-платформа ақпарат таратуға ынталы және таратып жатыр. Соның ішінде телевизия саласы белсенді. Әсіресе Республикалық телеарналарда партиялар өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан дебаттар жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы