Басты Жаңалықтар Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді

Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді

Шетелдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Орталық Азиядағы саяси жаңғыру мен жаңа бастамалардың негізгі қозғаушы күшінің біріне айналып келеді. Мамандар елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық және заңнамалық реформалардың маңызы зор екенін атап өтуде. Ал 23 тамыздағы Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтіп, халық пен депутаттар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді, дейді олар.

Теруе Окада, Токио университетінің доценті, Жапонияның Қазақстанды зерттеу қоғамының мүшесі/Жапония:

Бұл – Сіздің еліңіз үшін аса маңызды оқиға. Осы орайда мен әртүрлі саяси партия өкілдері арасындағы саяси теледебаттардың мазмұнымен де таныстым. Оларды өте қызықты деп санаймын. Менің ойымша, саяси реформалардың мәні – жаңа саяси жүйені неғұрлым тиімді әрі халыққа түсінікті ету. Референдум өткізуден бастап сайлауға дейінгі бүкіл үдеріс белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылуда.

Шерали Ризоён, саясаттанушы/Тәжікстан:

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа мен заңнамалық жүйені жаңарту үдерістерінің ел үшін маңызы зор. Неліктен? Себебі референдум арқылы қабылданған жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістерге назар аударсақ, онда Орталық Азия елдерінің барлық конституцияларында көрініс тапқан негізгі қағидаттар жаңаша сипатта айқындалғанын көреміз.


Бөлісу