Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ

АҚШ президенті Дональд Трамптың  рейтингі билікке келгелі ең төменгі деңгейге түсті. Reuters/Ipsos компаниялары төрт күн бойы жүргізген сауалнама нәтижесіне қарағанда, Құрама Штаттар лидерінің жұмысына респонденттердің 33 пайызы ғана риза. Ал қолдамайтындар саны 64 пайызға жетіп отыр. Сарапшылардың пікірінше, Трамптың беделінің түсуіне Иранға қарсы соғыстың ұзаққа созылуы мен Америкада жанармайдың қымбаттауы себепші.

Колумбия

Колумбияда өткен аптада болған алапат жер сілкінісінің зардабымен күрес жалғасып жатыр. Қуаты 7,4 баллдық зілзаладан 290-ға жуық адам қаза тауып, 4 мыңнан астамы жараланған.  Ел президентінің мәлімдеуінше, экономикалық шығын да артып келеді. Колумбия бұл табиғи апаттан 9 жарым миллиард доллар жоғалтқан.

Үндістан

Үндістанда төпелеп жауған муссон жаңбырынан тасқын басталды. Одиша және Ассам штаттарында көшелер өзенге айналып, жүздеген мың адам үйлерін тастап кеткен. Сонымен қатар талай жол мен көпір, егістік алқаптары мен фермалар су астында қалды. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Түркия

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диарбәкір провинциясында мыңдаған қызанақ жазық даланы қызыл түске бояды. Олар аптап ыстықта күннің астында кептірілгеннен кейін экспортқа жөнелтіледі. Ал Еуропа елдері мұндай томатты пицца және өзге де тағамдар әзірлеуге пайдаланады.


Бөлісу