Мектептердегі қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептегі қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерге мектеп жанындағы жол инфрақұрылымындағы кемшіліктерді жоюды, сондай-ақ білім беру нысандарының өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздігін тексеруді тапсырды. ІІМ «Назар аударыңыз, балалар!» шарасы аясында бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын тексереді. Іс-шаралар қыркүйек соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар Үкімет басшысы жыл соңына дейін барлық мектептегі бейнебақылау камераларын ІІМ-нің жедел басқару орталықтарына қосуды тапсырды. Қазір бұл жұмыс жеті өңірде толық аяқталған. Қалған облыстарға жұмысты жеделдету міндеттелді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25