Астанада тамыз кеңесі өтті
Елордада оқушылар саны жыл сайын 20 мыңға артып келеді. Болжам бойынша 2029-2030 оқу жылында Астана мектептерінде 400 мыңға жуық бала білім алады. Осыған байланысты келер жылы қалада 19 жаңа мектеп салу жоспарланған. Білім саласының өзекті мәселелері елордада өткен тамыз кеңесінде талқыланды. Жиында білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу мәселелері қаралды. Инфрақұрылымды дамыту мен қатар білім сапасына да басымдық берілмек. Соңғы үш жылда елордадағы білім сапасының көрсеткіші 59-дан 66 пайызға өскен. Тамыз кеңесіне Оқу-ағарту министрі, Астана қаласының әкімі және халықаралық сарапшылар қатысты. Шара барысында Жұлдыз Сүлейменова бірқатар ұстазға «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісін, «Ыбырай Алтынсарин» және «Еңбек ардагері» медальдарын табыстады.
Бүгін 40 жылдық еңбегімнің нәтижесін көріп, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғаныма өте қуанып тұрмын. Алдағы уақытты конференциямыз жоғары деңгейде өте берсін.
Оқушылардың жобалық жұмыстары өте көп. Заң мен тәртіп бойынша мектеп оқушылары, колледж студенттері бірнеше жобалар жасап шығарған болатын. Бұл жұмыстар жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы