Шетелдік сарапшылар: Құрылтай – жаңа Конституцияның нақты көрінісі
Қазақстанның жаңа Конституциясы мен Құрылтайдың жұмысы Вашингтондағы Орталық Азия сарапшыларының назарында. Бұл туралы Atlantic Council-дің Еуразия орталығы директорының орынбасары Эндрю Д’аниери айтты. Оның пікірінше, бір палаталы Құрылтай тиімді заң шығару институтына айналып, елдегі ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуі тиіс. Сарапшылар жаңа өзгерістер биліктің азаматтар алдындағы есептілігін арттырып, Қазақстанның халықаралық аренадағы ықпалын одан әрі күшеюіне септігін тигізеді деп санайды.
Эндрю Д’аниери, Atlantic Council-дің Еуразия орталығы директорының орынбасары:
Жаңа заң шығарушы орган – бір палаталы Құрылтайдың құрылуы маңызды қадам деп ойлаймын. Орталық Азияны мұқият бақылап отырған сарапшылардың барлығы бұл заң шығарушы орган тиімді заң шығару институтына айналып, ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етеді деп сенеді деп ойлаймын.
Касаи Тацухико, Қазақстандағы Жапонияның бұрынғы елшісі:
23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы наурыз айында референдум арқылы қабылданып, 1 шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияның іс жүзіндегі нақты көрінісі. Бұл Қазақстандағы демократияның дамығанын көрсетеді. Бұл құрметке лайық қадам.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тараздағы қоғамдық көліктің 85%-ы жаңартылды
11.09.2026, 13:15
Павлодар облысында шалғай елді мекендердегі үйлерді жаңартуда
11.09.2026, 13:12
1 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттеледі
11.09.2026, 13:09
Жаңаөзен ауруханасынан 223 млн теңге жымқырылған
11.09.2026, 13:06
Президент Үндістанға жұмыс сапарымен барады
11.09.2026, 13:03
Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган болады
11.09.2026, 13:00
Елена Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 10:13
SuperStar KZ: Алғашқы шығарылым жоғары рейтинг жинады
11.09.2026, 10:03