Басты Жаңалықтар Сарапшы: Бір палаталы парламент депутат жауапкершілігін арттырады

Сарапшы: Бір палаталы парламент депутат жауапкершілігін арттырады

Жаңа Конституцияға сәйкес, 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай заң шығару үдерісін ықшамдауды көздейді. Ал бұл өзгеріс депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігіне қалай әсер етеді? Сарапшы пікірін тыңдайық.

Ерлан Сәрсенбаев, Сәтбаев университетінің кафедра меңгерушісі:
145 депутаттан тұратын Құрылтайда заң қабылдау үдерісі ықшамдалады. Яғни бұл жерде айта кететін нәтиже – депутаттардың ашықтығына, есеп беруіне халық алдында және халық мүддесін қаншалықты қорғайтынына байланысты болып тұр. Сондықтан бір палаталы жүйе – жауапкершілікті автоматты түрде күшейтпейді, оған нақты мүмкіндік береді.


Бөлісу