Басты Жаңалықтар Ұлыбританияда да Құрылтай сайлауына дайын

Ұлыбританияда да Құрылтай сайлауына дайын

Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық шет елдерде аяқталуға жақын. Ұлыбританиядағы сайлау комиссиясының мүшелері соңғы әзірлік жұмыстарын пысықтап жатыр. Тұманды Альбиондағы меншікті тілшіміз Марина Бекенованы тыңдайық.

Марина Бекенова, тілші:
23 тамыз күні елшіліктегі №408-ші сайлау учаскесіне Ұлыбритания құрамына кіретін Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландияда тұратын қазақстандықтар дауыс беруге келе алады. Ғимарат Лондон орталығындағы Пэлл Мэлл көшесінде орналасқан.
Қазіргі таңда елшіліктің консулдығында Қазақстан Республикасының 1 538 азаматы есепте тұр. Бірақ ресми тіркеліп үлгермегендер де осында келіп, заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес дауыс бере алады. Ол үшін сайлаушылар жеке куәлігін немесе төлқұжатын көрсетулері қажет.
Данияр Ысқақов, №408 сайлау учаскесінің төрағасы:
Жалпы Ұлыбритания бойынша 300-ден астам азаматтың дауыс беруі жоспарланды. Бірақ сайлаушылардың нақты қанша адам келетінін тек сайлау күні ғана айтуға болады.
Дауыс беру процесінің ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында комиссия мүшелері тарапынан тиісті ұйымдастырушылық және қауіпсіздік шаралары қабылданады. Сайлаушылардың таңдау жасау құқығы қорғалып, құпия дауыс беру талаптары толық сақталады.
Гүлназ Жеңісова, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты:
Шетелде тұрғаныма қарамастан Қазақстанда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға тырысамын. Сондықтан 23-тамызда өтетін сайлауға қатысып, өз үлесімді қосуды жоспарлаймын.
Қуат Серіков, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты:
Менің ойымша 23-тамызда өтетін сайлауға жастардың қатысуы өте маңызды.
Сайлау процесін бақылауға заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес байқаушылар қатыса алады, бірақ әзірге олар тіркелмеген.


Бөлісу