Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алады
23 тамыз күні Өзбекстанда тұрып жатқан және уақытша жүрген 800-ге жуық Қазақстан азаматы Құрылтай сайлауында таңдау жасай алады.
Олардың дені – еңбек етіп жүрген азаматтар мен білім алып жүрген студенттер.
Шет мемлекеттердегі ең ірі сайлау учаскелерінің бірі Ташкент қаласында орналасқан.
Мұнда консулдық есепте тұрған және уақытша жүрген қазақстандықтар дауыс бере
алады. Саяси науқанға қатысушыларға қолайлы жағдай жасау үшін Өзбекстан
астанасының маңындағы туристік орындарда да жылжымалы дауыс беру жәшіктері қойылады.
Бұл сапарда жүрген қазақстандықтарға сайлау учаскесіне арнайы бармай-ақ, өз таңдауын
жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, шетелде жүрген отандастардың да Құрылтай
сайлауына қатысып, елдің болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруіне мүмкіндік
жасалып отыр.
Айбек Қуаншыбеков, Қазақстандық
компания өкілі:
Мен өзім жас мамандарымен жастармен жұмыс істеп жүргеннен кейін олардың мәселелерін білемін. Ішкі жағынан білгендіктен өзіме жақын партия бар. Мен соларға өз даусымды беремін.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25