Трамп Оңтүстік Кореямен бірге өткізетін жаттығуларды қысқартуды бұйырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Оңтүстік Кореямен бірлесіп әскери жаттығу өткізуіне риза емес. Сондықтан ол Пентагон басшысына мұндай маневрларды айтарлықтай қысқартуға бұйық берген. Бұл аздай, Трамп Солтүстіктің лидері Ким Чен Ынмен жақсы қатынаста екенін ашық жариялады. Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы бірлескен әскери жаттығулардың ауқымын қысқартатынын әлеуметтік желіде мәлімдеді. Осыдан бір тәулік бұрын Құрама Штаттар жетекшісі өз парақшасында Ким Чен Ынмен 2019 жылы түскен суретін де жариялады.
Тағы бір айта кететін жайт, осы постта Трамп Американың Иранға қарсы соғысына Сеулдің қосылмағанына өкпелі екенін білдіріп, Солтүстік Корея лидерімен жақсы қатынаста екенін атап өтті. Сонымен қатар оның ойынша, Оңтүстік Кореямен одақтастық Вашингтонға қаржылай салмақ түсіріп отыр. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұның бәрі екіжақты қатынастардың суығынан аңғартуы керек.
Дженни Таун, Стимсон сараптау орталығының «38 солтүстік» бағдарламасының директоры:
Меніңше, бұл жағдай альянс арасында шынымен де кейбір қарама-қайшылықтар бар екенін көрсетіп берді. Қайда беттеп барамыз, қайда қалай жетеміз деген мәселелерде келіспеушілік байқалады. Бұған Оңтүстік Корея үкіметі мен әскерилерінің және Солтүстік Кореяның қалай жауап беретінін көру де қызық.
Дегенмен АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны тежеуге арналған соғыс ойындарын бүгін жоспар бойынша дер кезінде бастады. Трамптың сөзінше, оны біржолата доғаруға кеш, сондықтан ол 11-күндік жаттығулардың ауқымын қысқарту туралы ғана шешім қабылдаған.
Тамыздың 27-не дейін әскери шараға 18 мыңдай оңтүстіккореялық жауынгер қатысады. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Трамптың мұндай ойындардың маңызын төмендетуі келешекте Азияда болуы мүмкін соғыстардың алдын алу тетігін әлсіретуі ғажап емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы