Басты Жаңалықтар Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды

Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды

Премьер-министр орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер мен блогерлердің сайлау кезінде қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Аталған өкілдер заң шеңберінде өз қызметін еркін жүзеге асырады. Фото, аудио, видеоға түсіріп, ақпарат таратуға құқылы. Бірақ министр жалған ақпаратқа жол жоқ екенін еске салды.

«Журналистер мен блогерлер үшін аса маңызды тағы бір қағидатты ұмытпауымыз керек. Ол – таратылатын ақпараттың анықтығын міндетті түрде тексеру. Осыған байланысты әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалардың әкімшіліктерін заңға қайшы контентті дер кезінде анықтап, жою жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырамын. Алайда заңға қайшы материал мен заңды түрде айтылған пікірдің, кәсіби журналистік қызмет пен қоғамдық пікірталастың ара-жігін нақты ажырату аса маңызды. Заңсыз контентпен күрес сөз бостандығын негізсіз шектеуге әкелмеуге тиіс», -деп жазды Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.


Бөлісу