Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Оңтүстік Кореямен бірлесіп әскери жаттығу өткізуіне риза емес. Сондықтан ол Пентагон басшысына мұндай маневрларды айтарлықтай қысқартуға бұйрық берген. Бұны Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Тағы бір сөзінде, Трамп Американың Иранға қарсы соғысына Сеулдің қосылмағанына өкпелі екенін аңғартып, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен жақсы қатынаста екенін атап өтті.
Дегенмен, АҚШ пен Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны тежеуге арналған соғыс ойындарын бүгін жоспар бойынша бастады. Трамптың сөзінше, оны доғаруға кеш, сондықтан 11-күндік жаттығулардың ауқымын қысқарту туралы ғана шешім қабылданған.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06