Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
Ертең елімізде спорт күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар құрамасы Ташкентте өткен Азия чемпионатын жоғары нәтижемен аяқтап, елге қуаныш сыйлады. Жалпы саны 59 медаль, оның ішінде 19 алтын жеңіп алып, 16 рекорд жаңартты. Оның 11-і Азия және 5-і әлем рекорды. Сондай-ақ ел спортшылары 17 жасқа дейінгі қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар арасында жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Снежана Кашкарова үш Азия, үш әлем рекордын жаңартып, чемпионаттың үздік спортшысы атанса, Ксения Прозорова тағы екі әлем рекордын орнатты.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23