Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
Қазақстан халқы Құрылтай сайлауына үлкен жауапкершілікпен қарайтынына сенімдімін. 2022 жылдың қарашасында Қазақстандағы Президент сайлауына халықаралық байқаушы ретінде қатысқан Канаданың экс-сенаторы еліміздегі саяси маңызды оқиғаға қатысты осындай пікірін білдірді. Шетелдік сарапшылар Қазақстанның тарихын, мәдениетін және елдің алға қойған мақсат-мұраттарын жоғары бағалайтындарын жеткізді.
Виктор Оу, Канаданың экс-сенаторы, Канада парламентіндегі Қазақстан-Канада достық тобының бұрынғы жетекшісі:
Биылғы сайлаудың маңызы ерекше. Өйткені бұл жаңа конституциялық жүйеге сәйкес жаңадан құрылған Құрылтай мүшелерін сайлауға арналған алғашқы сайлау. Мен Қазақстан халқы бұл маңызды оқиғаға үлкен жауапкершілікпен қарайтынына сенімдімін. Алдағы жылдары Қазақстан мен Канада арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсуін асыға күтемін.
Саддам Алмашакбех, Иорданиядағы жекеменшік қолданбалы ғылымдар университетінің цифрлық медиа кафедрасының доценті:
Қазақстандағы алдағы Құрылтай сайлауы елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең. Бірпалаталы Құрылтайға көшу және сайлауды пропорционалды жүйе бойынша өткізу саяси бәсекелестікті күшейтіп, партиялық жүйенің дамуына, сондай-ақ заң шығару жұмысының кәсібилігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді деп сенім білдіремін.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 10:13
SuperStar KZ: Алғашқы шығарылым жоғары рейтинг жинады
11.09.2026, 10:03
Қостанайлық жастар ұлттық құндылықтарды заманауи контент арқылы дәріптеп жүр
11.09.2026, 10:02
Жаңа орфографиялық сөздік әзірленеді
11.09.2026, 10:00
Нью-Делиде БРИКС саммиті қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді
11.09.2026, 09:59
Ресейде санкция салдарынан ірі кәсіпорындар жабылып жатыр
11.09.2026, 09:56
Алматыда қаржы технологиялары мен цифрлық экономиканың келешегі талқыланады
11.09.2026, 09:56
eGov атынан жасалатын алаяқтық көбейген
11.09.2026, 09:54