Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
Елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында профилактикалық рейд өтті. Сарыарқа ауданында әкімдік пен полиция қызметкерлері тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау мен абаттандыру талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері ауданда абаттандыру қағидаларын бұзудың 3800 дерегі тіркеліп, ережені елемегендерге 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Рейд барысында қоғамдық орындарды ластау, қоқысты белгіленбеген жерге төгу секілді жағдайларға ерекше назар аударылды.
Балмира Берікқызы, Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Тазалық дегеніміз, ең алдымен ішкі мәдениеттің өлшемі». «Таза Қазақстан» бастамасының өзі тек қана экологиялық акция емес, ол ішкі жан дүниенің тазалығы, ақылдың, ой өрістің тазалығы. Яғни, адам бірінші өзі таза болып, қоқыс тастамай, өзінен бастаса, біздің қаламыз да, еліміз де таза және мәдениетіміз де жоғары болады.
Автор
Гүлбану Әниятқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06