Басты Жаңалықтар Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты

Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты

Жапонияда үлкен су апаты. Елдің шығысында төпелеп жауған жаңбыр үлкен тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, қаза тапқандар бар. Күн Шығыс еліндегі жағдайға Арыстан Рысбек толығырақ тоқталады.

Жапония астанасы Токиомен шекарас Тиба префектурасында рекордтық мөлшерде жауын жауып, елді мекендерде алапат тасқын басталды. Одан жолдар мен теміржолдар су астында қалып, электр жүйесі істен шығып, 22 мыңдай үй жарықсыз отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, төрт адам қаза тапқан. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың екеуі - суға батқан машиналарына шыға алмай қалған әйел мен ер адам. Бір тұрғын жоғалып кетті.

Токионың Нарита әуежайы болса, 7 мыңдай жолаушыны сапарға аттандыра алмады.

Оскар Гаргалло, испаниялық турист:

Мен осы жерде жатқан адамды көрмедім. Бірақ әуежайдың жоғары қабатында ұшаққа отыра алмаған жолаушылар әр жерде ұйықтап жатыр.

Риэ Сугияма, Токио тұрғыны:

Әуежайда кешеден бері жүрмін. Күйеуімді күтіп алуға келгенмін. Автобустар қалыпты жүріп тұрса екен. Жолдардың жағдайы алаңдатады. Сонда да сағат екіге дейін үйге жеткіміз келеді. Үйде мысығым қалды. Соны уайымдап отырмын.

Дегенмен авиациялық порт өкілдерінің дерегінше, бүгін ұшақтар кесте бойынша қайта ұша бастайды. Және де ешқандай рейс доғарылмайды.

Жапония метеорологиялық агенттігін Тибадағы оннан астам муниципиалитетте жаңбыр тоқтағаннан кейін қауіптің біршама сейілгенін хабарлады. Алайда, бүгін кешке дейін жауын қайта жаууы ғажап емес. Сол себепті тасқын әрі қарай жалғасып, кейбір жерлерде лай көшуі мүмкін екені де ескертіліп отыр.   


Бөлісу