Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот үкімі шықты. 21 жастағы қызға 35 рет пышақ сұққан Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол аса қатыгездікпен адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша кінәлі деп танылды. Бұған дейінгі сот отырыстарында айыпталушы қылмыс сәтін толық есіне түсіре алмағанын мәлімдеген еді. Алайда сараптама оның аффект жағдайында болмағанын анықтады. Қоғамның қызу талқысына түскен іс 20 күн қаралды. Сот Шерхан Аймаханды марқұмның туыстарына 20 миллион теңге моральдық және 5 миллион теңге материалдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Ал сотталушы тарап үкіммен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.
Самиддин Темірәлиев, судья:
Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі 5-тармағымен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабы, 4-бөлімі талаптарының негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы қылмыстық құқықбұзушылықпен Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18