Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
Әлеуметтік желіде әдептен озғандар азаймай тұр. Кезекті құқық бұзушы Ақтөбе қаласында тіркелді.
Әйел адам Tiktok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, оғаш қимылдар көрсеткен. Оны арнайы мониторинг кезінде полиция қызметкерлері анықтады. Келіншек сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын заңға қайшы әрекеттерге бармауға шақырады. Балағат сөздер, қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер үшін заң алдында жауап беруге тура келеді.
Жасұлан Жалғасбаев, облыстық Полиция департаментінің басқарма бастығы:
Эфир барысында әйел балағат сөздер айтып, қорлайтын ым-шаралар көрсеткен. Құқық бұзушының Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғын Нағиева Береке екені анықталды. Сот шешімімен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18