Жүргізуші куәлігіне тапсыратын емтиханды тек мемлекеттік ұйымдар қабылдайды
Жүргізуші куәлігіне тапсыратын емтиханды тек мемлекеттік ұйымдар қабылдайды. Әлеуметтік желілерде жекеменшік автомектептерде де емтихан тапсыруға болады деп тараған ақпарат жалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Теориялық және практикалық емтихандар дәл бұрынғыша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі. Министрлік жүргізуші куәлігін беру тәртібіне қатысты барлық өзгеріс ресми түрде жарияланатынын айтты. Сондықтан азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18